БҚО-да 29 өрт ошағы сөндірілді

Фото: t.me/qr_tjm
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта аймақтағы Сырым, Теректі, Бөрлі және Казталов аудандарында өрт сөндірушілер мен ЖАО жедел әрекеттерінің арқасында 29 өрт ошағы сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖМ мәліметінше, Әйтиев кентіндегі өрт оқшауланды. Жану алаңы - 50 га.

«Қазіргі уақытта Новопавловка кентінде жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Шамамен жану ауданы 25 га құрайды.

Жаңа Өмір кентінің маңындағы жану оқшауланды. Болжамды жану алаңы - 17 га.

Облыс бойынша өртті сөндіруге 400-ге жуық адам және 90-ға жуық техника жұмылдырылды», - деп жазды министрліктен.

Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да дала өрті елдімекенге жақындап, 44 адам ауылдан көшірілгенін хабарлаған болатынбыз.