БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның 3 723-інен ауру анықталды. Зақымдану пайызы — 0,6 пайыз.
Абзал Серікұлының сөзіне қарағанда, былтыр 864 мың бастың 5 479-ынан (0,6 пайыз) бруцеллез шыққан еді.
Сонымен қатар ұсақ малдың арасында зерттелген 775 668 бастың 609-ынан ауру (0,1 пайыз) табылды. Былтыр 1 млн 358 бас ұсақ малдың 867-сі оң нәтиже (0,1 пайыз) көрсеткен еді.
— 2026 жылы ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 56,8 млн теңге қарастырылған. Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыс аумағындағы 12 сою ұйымына тасымалданып, санитарлық сою жүргізіліп отыр. Жыл басынан бері 3 565 бас ірі қара, 528 бас ұсақ мал санитарлық сою орындарына тапсырылды. Ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 207 бас ұсақ мал иелеріне 3,6 млн теңге өтемақы төленді, — деді Абзал Бралиев.
Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 7 ауру ошағы тіркелді. Соның ішінде ірі қара малы арасында инфекциялық ринотрахеиттен 3 (Ақжайық ауданының Шабдаржап, Атамекен, Жолап ауылдары), бруцеллезден 2 (Бәйтерек ауданының Көшім ауылы, Теректі ауданының Подстепное ауылы), қарасан ауруынан 1 ошақ (Теректі ауданының Сарыөмір ауылы) анықталды. Оған қоса Бәйтерек ауданы Достық ауылында қарсақтың құтырғаны белгілі болды.
— Ауру ошақтарына тиісті ветеринариялық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізіліп, инфекциялық ринотрахеит, қарасан және 1 бруцеллез ауруының ошақтары жойылды. Қазіргі таңда ірі қара малының бруцеллезі тіркелген 1 ошақта және қарсақтан құтыру анықталған жерде ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты, — деп қосты Абзал Бралиев.
Басқарма мәліметі бойынша биыл өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 6,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға, санитарлық малдардың тасымалына, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған сырғаларды сатып алуға, ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, сондай-ақ саланың материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да аурудан малы шығынға ұшыраған шаруалар өтемақы ала ма, соны жазған едік.