ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, 2 жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 наурыз күні шамамен сағат 17.15-те Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы Алғабас ауылы маңында болды.
«КамАЗ» және DAF жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Құтқару жұмыстары кезінде «КамАЗ» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші есін жимастан, қайтыс болды. Содан кейін сол тұстан өтіп бара жатқан «ВАЗ-2115» жеңіл автокөлігі тоқтап тұрған «КамАЗ»-бен түйіскен. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі, 55 және 36 жастағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты Атырау және Ақтөбе бағытындағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).