ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданында 30 жасар тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға аудан орталығы Жаңақала ауылында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бүгін түнгі сағат 00.35-те бейтаныс адам өз көлігімен 1989 жылғы тұрғынды ауруханаға алып келген. Жігіт ота кезінде сағат 03.05-те қайтыс болды.
«1986 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде. Ол да пышақ жарақатын алған», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кісі өлтіру қылмысына қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).