БҚО-да 32,4 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

None
ОРАЛ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 32,4 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 879 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 726-сы - тұрғын үйлер.

Сегіз айда тұрғын үй құрылысына 7,0 млрд. теңге жұмсалып, жалпы алаңы 91818 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен 371 шаршы метр, кәсіпорындар қаржысына 13018 шаршы метр, тұрғындар ақшасына 78429 шаршы метр тұрғын үй бой түзеді. Зеленов, Сырым аудандары мен Орал қаласынан басқа аудандарда тұрғын үй салу көбейіп отыр.

Жыл басынан бері қос-қостан білім және денсаулық сақтау нысандары іске қосылды.