ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 21 қарашадан бері 324 ескі автокөлік өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«ӨКМ операторы» ЖШС аймақтық менеджері Зорынбек Бисеновтің айтуынша, осы автокөліктер үшін иелеріне 150 мың теңгеден, барлығы 48,6 млн теңге төленді.
Өткен жылғы 21 қарашада басталған ескі көліктерді жою науқаны бұдан былай да жалғасады.
Айта кетейік, көлік құралы екі санат бойынша бағаланады. Яғни толық комплектациясы болса, ол көлік үшін 150 мың теңге, ал белгілі бір бөлшегі жетіспесе, 48 мың теңге төленеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).