«ҚР АШМ БШК Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, 5546 әскери бөлім сарбаздары және балық шаруашылығы субъектілері қызметкерлерімен бірлесіп, Атырау қаласындағы „Маломокрый“ арнасынан 154 мың 600 дана балыық шабақтарын құтқарды», — деп жазды ведомстводан.
Сондай-ақ «Соколок» арнасынан 186 мың балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.