«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтар анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 га астам жер телімі мемлекетке қайтарылды», — делінген хабарламада.
Қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 45 млн теңгеден астам соманы құрады.
Осы орайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық тауар өндірішулеріне жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажеттігін түсіндіреді.