БҚО-да 38,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 38,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жыл басынан бері 1095 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

Тоғыз айда тұрғын үй құрылысына 8,8 млрд. теңге жұмсалып, 144928 шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен - 37364 шаршы метр, жергілікті қазына есебінен - 371 шаршы метр, кәсіпорындар қаржысына - 13018 шаршы метр, тұрғындар күшімен 94175 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазталов, Қаратөбе, Ақжайықтан басқа аудандарда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді.

Өңірде 3 білім, 2 денсаулық нысаны іске қосылды.