БҚО-да 40-қа жуық адам мінген 7 көлік балшықта тұрып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында балшыққа батқан 7 көліктен 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Сырым ауданында болды.

«Кеше сағат 20.21 шамасында Аралтөбе ауылынан 15 шақырым жерде жеті бірдей автокөліктің балшықтың кесірінен жолда тұрып қалғаны белгілі болды. Бүгін түнгі сағат 00.56-да ТЖ және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің және техникалардың күшімен 36 адам эвакуацияланды», - делінген ақпаратта.

Облыста кешеден бері күн жауын-шашынды болып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұман түсіп, жел күшейетінін жазған болатынбыз.

Фото: www.drive2.ru