Атап айтқанда, 2024 жылы аудандық білім басқармасы 40 мұғалімге жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі жол ақысын төлемеген. Ал ҚР Конституциясы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
- Еңбек кодексі 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы
уақыты үшін тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды прокуратурадан.
Айта кетейік, алаяқ БҚО тұрғындарын 200 млн теңгеге отырғызып кеткен.