ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 50 ауылдың халқына таза су жеткізу көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, тұрғындарды толғандырып жүрген, жергілікті басшылық белгілеген басты бағыттың бірі - алыс елді мекендерді таза ауыз сумен қамту.
«2016 жылы өңірдегі 443 елді мекеннің 37 пайызы ғана орталықтандырылған су көзіне қосылған еді. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында, Парламент депутаттары мен Үкіметтің қолдауымен өткен жылы 13 млрд теңгеге 60 ауылға таза ауыз су жеткізу жұмыстарын бастадық. Нәтижесінде көрсеткішті 40 пайыздан асырдық. Осы ауылдарда 77 мың халық тұрады. Қазір облыстың 178 елді мекеніне ауыз су жеткізілген. Бөлінген қаржының 9 млрд теңгесіне 1100 шақырым су құбыры тартылды. Жұмыстар жалғасуда», деді Алтай Көлгінов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).