БҚО-да 53,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды
09:08, 19 Желтоқсан 2011
ОРАЛ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 53,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 1515 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Биылғы он бір айда тұрғын үй құрылысына 11,2 млрд. теңге жұмсалды. Осы кезеңде 211496 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.
Өңірде 4 білім беру, осыншама денсаулық сақтау нысаны салынды.