Батыс Қазақстан облысында 56 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешкісін Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нмәлім еткеніндей, аталған әйел 18 қазан күні сағат 21.18-де пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, 16 жасар жасөспірім өз анасын өлтірген.
БҚО полиция департаменті қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы білім нысандарында бала қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етіліп отырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).