ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 58 жастағы әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды.
«Сағат 13.00-де өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм балаларынан бөлек тұрған. Бірнеше адам бірге арақ ішкен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пара алған полиция қызметкеріне 7 млн теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).