ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 7211 заңды тұлға тіркелген.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 50 адамнан аз қызметкері бары - 6577. Заңды тұлғаның 5294-і жұмыс жасап тұрса, соның 4661-і - шағын кәсіпорындар.
Заңды тұлғалар сауда, автокөлік және мотоциклдерді жөндеу саласында (24,6 пайыз), құрылыста (15,9) және білімде (9,1) көбірек тіркелген. Осының жиынтығы - барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,6 пайызы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).