БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл дерек атқарушылық өндірісті тексеру кезінде анықталған.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес бірінші кезекте еңбекақы бойынша берешек өндіріледі. Осыны білген жеке кәсіпкер С. кредитордың алдындағы міндеттерін орындамау және қаражатты жымқыру мақсатында Ж-ның 2011-2016 жылдары заңгер ретінде жұмыс жасағаны туралы жалған құжаттар жасаған. Сосын сотта Ж-ның пайдасына аталған көлемде еңбекақы берешегін өндіруге қол жеткізген.
Алайда апелляциялық сатыда сот актісі бұзылды.
Сот үкімімен С. мен Ж. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі - 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағына (ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу) және 416-бабы 5-бөлігіне сәйкес (әділетсіз сот шешімін шығаруға әкеп соққан жалған дәлелдерді ұсыну) айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандықтары шектелді. Оған қоса, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.