БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның үшеуі - балалар, біреуі - аяғы ауыр әйел. Мысалы, ТЖ департаментінің ауа райы бұзылатыны жөнінде алдын ала ескерту жариялағанына қарамастан, 5 ақпан күні жолға шыққан 12 автокөлік Есенсай ауылы маңында, Орал-Атырау жолы бойында қар құрсауында қалды. Ақ түтек боранда зардап шеккендерге жету оңай болған жоқ. Құтқарушыларға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруалығы бөлімінің екі тракторы көмектесіп, жолдағы үйілген қарды аршыды. Сол секілді Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы маңында 6 жолаушысы бар жеңіл көлік те қар құрсауында қалған. Жедел құтқару жасағының төрт құтқарушысы «КамАЗ» автокөлігімен барып, оларды Шыңғырлау ауылына жеткізді. Сондай-ақ Теректі ауданында 2 автокөлік пен 16 адам, Қаратөбеде екі адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
Еске сала кетейік, кеше боран соғуына байланысты сағат 18.00-ден бастап барлық бағыттағы жолдар жабылып, 21.00-де қайта ашылған болатын. Бүгін сағат 02.00-ден Самара-Шымкент күре жолының 330-526 шақырымы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысына дейін) аралығы жабық.