Облсы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Соттың 06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде білім басқармасы бұрынғы үш есепшіні сотқа берді.