ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 9 жасар бала токқа соғылып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақжайық ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін аудан орталығы Чапаев ауылында орын алды.
Сағат 19.00-дер шамасында үш бала ойнап жүріп, трансформатор тұрған нысанға кірген. Сол кезде 2010 жылғы бала токқа соғылып қалған.
Осы оқиға бойынша материал аудандық полиция бөліміне беріліп, тексерілуде.
Бала Оралдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).