ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 852 адам Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 467-сі – жасөспірімдер, 37-сі – жүкті, 348-і – бала емізетін әйелдер.
Сондай-ақ 251 адам ревакцинациядан өтті.
Облыс бойынша барлығы 247 525 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 59,7 пайызы) бірінші компонентпен егілді. Соның 228 381-і (55,1 пайызы) екінші компонентті де салдырды.
Қазіргі кезде 80 935 доза І, 100 199 доза ІІ компонент бар.
Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 39 627 науқастың 37 286-сы жазылып шықса, 834-і көз жұмды.
Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру 11 пайызға (20 науқасқа) төмендеді.
Күні бүгін 316 адам амбулаторлық ем алуда. Оған қоса 118 науқас инфекциялық стационарларда емделуде. Соның ішінде 9-ы ауыр, біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайызға жуығы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).