ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өрттің алдын алу бағытында 25 нысан тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес өңірде көпшілік жиналатын 77 нысанды тексеру көзделуде. Соның ішінде өрт қаупі жоғары 55 сауда орны бар.
Осы кезге дейін 25 нысан тексеріліп, соның қорытындысына сәйкес 613 бұзушылық анықталды. 21 әкімшілік материал толтырылып, сол бойынша кәсіпкерлерге 573 805 теңге айыппұл салынды.
Бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.
Өрт қаупі жоғары сауда орындарын тексеруді 27 сәуірге дейін аяқтау жоспарлануда.
Еске сала кетейік, Оралда сауда орталықтарының тексеріле бастағаны жөнінде бұдан бұрын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).