ОРАЛ. KAZINFORM – Тасқала ауданы Тасқала ауылында ер адамға ауыр дене жарақатын келтірген күдікті қолға түсті.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.
«Анықталғандай, екі ер адам сөзге келіп, содан жанжал туындаған. Күдікті ішкі істер органдарынан жағымсыз себептерге байланысты қуылған бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Күдікті уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жүк көлігі мектеп қоршауын бұзып өткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).