БҚО-да адамдар қарақұртқа алаңдаулы

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қарақұртқа ұқсас жәндік шығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарақұрттың пайдаболғаны жөнінде Бәйтерек ауданы Асан ауылының тұрғыны бейнероликті Инстаграмәлеуметтік желісіне жүктеген.

Оның сөзінеқарағанда, аталған жәндікті 17 шілде күні өз үйінің ауласынан көрген.

Мұның алдында датағы бір үйден қарақұрт табылған дейді. Осыған байланысты жұртшылық қаттыалаңдаулы.

Орал обаға қарсыкүрес стансасының зоологы Гауһар Құрманғазиеваның айтуынша, суретіне қарапқарақұрт екендігін айыру қиын, соған ұқсайды.

«Жалпы, қарақұртбіздің өңірде кездеседі. Әйтсе де ол ылғалды жерлерде болмайды, негізіненшөлейт жерлерді мекендейді. Оның үстіне ол ешқандай ауру тасымалдамайтындықтан,обаға қарсы күрес стансасы зерттемейді. Біздер ауру тарататын кеміргіштердізерттейміз. Қарақұрт шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет», дедіҚазАқпарат тілшісіне Г.Құрманғазиева.

Соңғы жаңалықтар