БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аламан бәйгеде Тасқала ауданынан Бауыржан Мәмбетов баптаған «Аманат» атты сәйгүлік мәреге бірінші келді. Зеленовтық Марат Асановтың «Аймаңдайы» екінші, жаңақалалық Ерболат Айтқалиевтің «Назқоңыры» үшінші болып жетті. 11 шақырымдық топ бәйгеде М.Асановтың «Шалқыма» атты тұлпары алдына ешкімді салмаса, теректілік Яков Липнаудың «Сиявич», шыңғырлаулық Нұрболат Ақпановтың «Айтұмары» үздік үштікке ілікті.
Бірнеше күнге созылатын жарыс барысында сондай-ақ аударыспақ, теңге алу, жамбы ату, көкпар, волейбол, қазақ күресі, жазғы президенттік көпсайыс, гір спорты, қол күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және шағын футболдан мықтылар анықталады.
17:15, 11 Тамыз 2017
БҚО-да «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары өтуде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Зеленов ауданында VI «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының облыстық жарыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.