БҚО-да «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 1 005,4 млн. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылуда
21:11, 04 Желтоқсан 2012
ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жағырту бағдарламасының бірінші тетігі бойынша 312,5 млн. теңгеге тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жүргізілсе, бес аудандағы 29 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бағдарламаның екінші тетігі бойынша облыс бойынша жөндеуге жоспарланған 77375,77 шаршы метрді құрайтын 85 үйдің қазіргі уақытта 31851,4 шаршы метрді құрайтын 46-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 39 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін биыл 1 005,4 млн. теңгеге 14,5 шақырым су құбырлары желілерінің құрылысын қарастыратын «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде 5 жоба жүзеге асырылуда.