ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында әкелі-балалы тұрғындар балық аулап жүріп суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қазан күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қатысты Жамбыл ауылының шетінде болды.
56 жастағы тұрғын мен оның 9 жасар баласы балық аулау кезінде қолдан жасалған қайық аударылып, Деркөл өзеніне батып кеткен.
Жергілікті тұрғындар марқұмдардың денесін сағат 17.30-да шығарды.
Оқиға орнына құтқарушылар да барды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 6 пәтерлік тұрғын үйдің өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).