ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 88042 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 608,2 млн астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 45520 әкімшілік материал бойынша 371,396 млн теңге өндірілді.
Осы кезеңде алты «Ураган» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен сот орындаушыларымен шектеу және ұстау шаралары қабылданған 756 көлік құралы ұсталды. Жалпы қарыз 167,8 млн жуық теңгені құраса, соның ішінде салынған әкімшілік айыппұлдары бойынша 23,8 млн астам теңге өндірілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).