БҚО-да Ақтөбе бағытындағы жол барлық көлік түрлері үшін жабылды
01:00, 20 Ақпан 2023
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе бағытындағы республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 19 ақпан күнгі жергілікті сағат 20.40-тан бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында (392-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі – қатты боран.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті аталған бағытта жолға шықпау керектігін ескертеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күн райының нашарлауына байланысты екі республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы және Орал-Атырау бағытындағы жолдар ашық.