Күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған ақшаны өзара бөлісетіндеріне сендірген.
— Орал қаласының тұрғындары күдіктінің сөздеріне сеніп, үш IPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ «ізін суытып», жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен. Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға шақырады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, полиция жиһаз цехінде есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады.