БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ата-аналардың үйіне алимент төлеу туралы ескерту жіберілсе де, төлеуге асықпағаны анықталды.
- Сот аталған тұлғаларға қатысты материалдарды қарап шығып, барлығын ҚР ӘҚБК 669-бабы «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және 17 тұлғаға қамау түрінде, 2 тұлғаға - әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады, - деп мәлімдеді БҚО сотының баспасөз қызметі.