Батыс Қазақстан облысында анасын өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының тұрғыны 18 қазан күні болған адам өліміне күдікті болып отыр.
"Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", –деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 56 жастағы әйелдің пышақ жарақатынан көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).