Прокуратура Кәсіпкерлік кодексі талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында заң бұзушылықты анықтаған.
Тексеру нәтижесінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Дәулет» асханасын тексеріп, оның қызметін тоқтату туралы ұйғарым шығарған. Алайда бұл туралы аудандық прокуратураға хабарламаған.
Осыған байланысты басқарма басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 666-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 500 теңге айыппұл салынды.
Прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде өндірілген.
Қадағалау органы мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін еске салды.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда азық-түлік бағасын шектен тыс көтерген 42 кәсіпкер айыппұл арқалағанын хабарлаған едік.