ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында аттан құлаған бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусиннің айтуынша, Зеленов ауданы Щапов ауылынан 2005 жылғы бала Сарыөмір ауылында тұратын нағашыларына қыдырыстап келген.
Атты көріп, оған мінгісі келген бала оқыс оқиғаға душар болды.
Ат оны біраз жерге дейін сүйреп кеткен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Оның денесі сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).