ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 24-26 желтоқсан күндері облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады.
Көктайғақ болып, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Облыс орталығында да қолайсыз ауа райы орын алып, желдің екпіні күндіз секундына 17 метрге дейін жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын да ауа райының қолайсыздығынан облыста барлық жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).