ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы да тас жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, көктайғаққа байланысты жергілікті сағат 21.00-ден бастап Орал-Атырау, сондай-ақ Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолдары жабылды.
Осылайша қолайсыз ауа райына байланысты өңірде қауіпсіздік шаралары алынуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын боранға байланысты Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы жабылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).