БҚО-да ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы 12 млн теңге жымқырған

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinfrom.

Фото: Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, прокурорлық тексеру барысында БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкадағы 12 млн теңге бюджет қаржысын заңсыз аударғаны анықталды.

Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.