ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында 11 айлық бала шетінеп кетті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ұл бала медициналық ұйымға бастапқыда басқа негізгі диагнозбен ауыр жағдайда түскен.
Қосымша қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілер байқалғанымен, зертханалық зерттеу нәтижесінде диагноз расталмады.
Науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, жүргізілген ем-шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкін болмады. Қазіргі уақытта жағдай бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қызылшамен ауырған 60-қа жуық адамның ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).