БҚО-да ауыл шаруашылығы өнімі 4,6 пайызға ұлғайды
21:16, 16 Қыркүйек 2011
ОРАЛ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 37049,9 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 4,6 пайызға артық.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 9562,8 млн. теңге егін және 27214,2 млн. теңге мал шаруашылығы өнімдері шығарылды. Алдыңғысы өткен жылғыдан 29 пайызға өссе, мал өнімдері 1,3 пайызға кеміді.
Облыс шаруашылықтарында жыл басынан бері тірілей салмақпен алғанда 44,8 тонна мал мен құс еті (102,0 пайыз), 168,4 мың тонна сүт (94,7 пайыз), 93,8 млн. дана жұмыртқа (104,3 пайыз) өндірілді.
Өңірде қазіргі таңда 436,4 мың бас ірі қара (өткен жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 91,0 пайыз), 806,3 мың қой (100,8 пайыз), 212,6 мың ешкі (95,3 пайыз), 81,6 мың жылқы (112,0 пайыз), 3,6 мың бас түйе (97,1 пайыз), 27,0 мың шошқа (89,54 пайыз), 1039,7 мың құс (91,5 пайыз) ұсталып отыр.