АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайынов 19 маусым күні Қараөзеннен салмағы 70 кг, ұзындығы 2 метр 20 см болатын жайын ұстады.
Жергілікті журналист Қайрат Жақыптың хабарлауынша, ауыл тұрғыны мұндай олжаға бірінші рет кенеліп отырған жоқ. Ол өткен жылы дәл осы өзеннен салмағы 45 кг, ұзындығы 2 метр болатын жайынды ұстаған болатын.
Сөйтіп Жайынов жайын ұстау жөнінен өз рекордын осылайша жаңартып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).