ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгінОрал-Атырау жолы бойында орын алды.
Куәгерлердің сөзінеқарағанда, Ақжайық ауданы жақтан келе жатқан «ВАЗ-21114»автокөлігі Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұсында аударылып қалған.
Автокөліктежүргізушіден басқа әйелі және үш баласы болған. 2011жылғы қыз бала жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Облыстық денсаулықсақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдемге қоңырау сағат16.53-те шалынған. Оқиға Орал-Атырау жолының67-шақырымында болған.
Салдарынан 2011,2008 және 2013 жылғы үш бала зардап шеккен. Соңғыекеуі облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын БҚО-да үш автокөлік түйісіп, 5 адамныңжарақат алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).