БҚО-да автокөлік теміржол құрамымен соқтығысып қалды, адам шығыны бар

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік теміржол құрамымен соқтығысып қалды, құрбандар бар.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, кеше, сәуірдің 14-і күні сағат 08.50-де Жәнібек ауданы Жәнібек кентіндегі «Северный» теміржол өткелінде «УАЗ» автокөлігі №2705-ші теміржол құрамымен соқтығысқан.

Апат салдарынан көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы сол орында қаза тапты.