ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соқтығысып, 40 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 шілде күні шамамен сағат 22.45-те Сырым ауданы аумағында болды.
«Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 415-шақырымында 1984 жылғы жүргізуші»Ниссан Тиана«автокөлігімен жолға шауып шыққан жылқыны қаққан. Соның салдарынан автокөлікте отырған 1983 жылғы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен жолаушы - Ақтөбе облысының тұрғындары. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар әкімшілік хаттама толтыру үшін малды бағымсыз жіберген иесі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).