ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 03.14-те Ақжайық ауданы аумағында Орал-Атырау жолы бойында орын алды.
Абырой болғанда, адамдар аман. Жылқы өліп қалған.
Оқиға орнына Чапаев трассалық-медициналық құтқару пунктінен 4 қызметкер бір техникамен жедел жетті. Алты адамға көмек көрсетілді, олардың екеуі – балалар.
Жеңіл-желпі жарақат алған жолаушылар аудандық ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ауруханаға жеткізілген екі ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеңіл автокөліктің өртеніп кеткенін болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).