БҚО-да автомобиль апатынан бір адам мерт болды, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды
11:00, 09 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автомобиль апатынан бір адам мерт болды, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Фольксваген» және «Ауди» автомобилдерінің соқтығысуы жұма күні, қаңтардың 8-інде сағат 14.20-да «Орал-Кирсанов» автожолының екінші шақырымында орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксваген» автомәшинесінің жолаушысы мерт болды, «Аудидің» үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.