ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында әйелдің өлімі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, оқиға 3 қыркүйек күні Ақсай қаласына іргелес Аралтал ауылында орын алды.
Жасы 35-40 шамасындағы әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ер адам әйелді өлтіргені жөнінде полицияға өзі хабарлаған.
Бөрлі ауданы полиция бөлімі оқиғаның 3 қыркүйек күні түнгі сағат 03.09-де болғанын, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын оқушыға сексуалды сипаттағы әрекеттер жасаған Орал тұрғыны ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).