ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-да әйеліне әлімжеттік жасаған полицей қызметінен қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тәртіптік комиссия патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Хайдар Жексеновті полиция қызметкері атағына кір келтірген деп тапты.
Сол үшін Х.Жексенов ішкі істер органынан шығарылды.
Қазіргі кезде әйелі Әсел Алқанованың арызы бойынша Х.Жексеновке қатысты ҚР ҚК 115-бабына (қорқыту) сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да әйеліне қол жұмсаған полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).