ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан екі ер адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі Көшім арнасында болды.
31 және 32 жастағы екі ер адам 2 қараша күні балық аулауға кеткеннен оралмаған.
4 қараша күні сағат 10.00-ден бастап жедел құтқару жасағының күшімен (10 қызметкер, 2 жүзу құралы, 2 техника) іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Сағат 14.46-да 1988 жылғы, 15.02-де 1987 жылғы азаматтың денесі табылып, судан шығарылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).