ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі ер адам балық аулаймын деп, мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 қараша күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылдық округіндегі Шалқар көлінде орын алды.
Мұздың астына түсіп кеткен 41 жасар екі ер адамды сағат 17.25-те құтқарушылар аман алып қалды. Жедел құтқару жасағы №5 бөлімшесінің басшысы Темірбек Уахитов, құтқарушылар Тихан Құттыбаев пен Асылбек Майтанов дер кезінде көмекке келді.
Зардап шеккендер Сарыөмір ауылындағы медпунктке жеткізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).