БҚО-да барлық жолдар жабылды
21:05, 05 Ақпан 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі Роллан Нұржановтың айтуынша, Орал қаласы мен аудандарда қазір боран соғып тұр. Осыған байланысты тұрғындарға қала мен елді мекендерден шықпау туралы ескерту беріліп, тиісті шаралар алынуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 5 ақпан күні БҚО-ның кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететіні жөнінде хабарланған болатын.